Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан үздік қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған концерт өтті.

Аталған шарада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жастар сарайы» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан үздік қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталды.

Музыкалық жас көрермен театрының белді актрисасы Самал Ілиясқызына және артистеріміз Оразалы Амандықұлы мен Мұхамедсайд Нұрланұлына табыстады.

Алғыс хатта: «Сізді кәсіби мерекеңіз мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды одан әрі дамытуға, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек атқарып келесіз. Елордамыздың өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың мерейін көтеріп жүрген Сізге алғыс білдіремін!

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық пен бақ-береке, еңбегіңізге шабыт, жаңа шығармашылық ізденістер тілеймін!

Ізгі ниетпен, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов.» — деп жазылған.

КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.ОМАРОВА 47Б