Музыкалық жас көрермен театрының жанынан құрылған шығармашылық үйірмелерінің есеп беру ашық сабағы өтті

2022 жылдың 27 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының жанынан құрылған шығармашылық үйірмелерінің есеп беру ашық сабағы өтті.

Мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылданған оқушыларға дәрісті театрымыздың талантты актерларымен режиссерлері «Актерлік өнер», «Сахна тілі», «Шешендік өнер», «Хореография»,  «Хор», «Режиссерлік өнер» жүргізді.

— «Менің ұлым осы Музыкалық жас көрермен театрындағы «Актерлік өнер» үйірмесіне қатысқанына бір жылдай болып қалды. Бұл бастама жас өрендерге ашылған жарқын бағыт, жаңа өрлеу деуімізге болады. Жаңағы өткен ашық сабақта өрендеріміздің бойында өнерге деген құштарлық пен сүйіспеншілік бар екенін көрдік. Менің де ұлым ашылып келеді, үйірме жетекшілеріне жетістіктер тілеймін!»,-деді Гүлмира есімді ата-ана.

Ата-аналар балаларының ның ой-өрісін шыңдайтын, талабын ұштайтын үйірмелер жұмысы жақсы жолға қойылғанын, Музыкалық жас көрермен театрының жанынан құрылған үйірмелер жас талантты да талапты бүлдіршіндердің қанатын қатайтуға мұрындық болатынына сенімді.

— «Құрметті, Музыкалық жас көрермен театрының ұжымына, менің қызымның ұстазы- Азат ағайға үлкен алғысымызды білдіреміз. Менің қызым «Шешендік өнер» үйірмесіне қатысып, осы төрт-бес айдың ішінде үлкен белестерге жетті деп айта аламын. Поэзиялар жаттап, балалардың ашылғанын көрдік. Сондықтан, баламды бекер бермедім деп ойлаймын. Осындай үйірмелерді ашып мүмкіндік жасап жатқан Мемлекетімізге көп рахмет. Сондықтан, тек алға дами беріңіздер!» — деп, Гүлнара есімді ата-ана өзінің алғысын жеткізді.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.ОМАРОВА 47Б