Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Максимұлы және жас артистеріміз «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының кешкі «1001 ТҮН» атты бағдарламасына қатысты.
Театр директоры Асхат Максимұлы тікелей эфирде өткен бағдарламаның жүргізушілері — Нартай Аралбайұлы мен Әйгерім Сейфолланың ғаламторда миллионнан астам қаралым жинаған әндер туралы, театрдың қазіргі қойылымдары мен театрда табысқан жас отбасылар туралы сұрақтарына жауап берді.
Асхат Максимұлы сұхбат барысында: — «Бүгінгі таңға дейін театр қойылымдарды 1 жыл 6 ай бойы тегін ұсынып, елордалық студенттер мен жас өспірімдердің дүниетанымын кеңейтуіне, эстетикалық талғамының қалыптасуына, адамгершілік тәрбиесінің көркеюуіне ықпал ететін қоғамдағы институт екенін дәлелдей алдық!», — деді.
Бағдарлама барысында театр артистері М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнін және Ш.Қалдаяқовтың «Сағынышым менің» әндерін хормен орындады.