«Мәдениет дегеніміз-кісілер арасында адам болу өнері»
Олжас Сүлейменов
Театр — көрерменнің рухани демалып, ой түйіп қайтатын орны болғандықтан келуші көрерменнің ескеретін бірнеше әдебін тарқатып жазайық. Сіз де ескере жүріңіз құрметті көрермен.
- Кез-келген мәдени ошақтарға келген көрермен соның ішінде театрымызға келсеңіз, ең бірінші кезекте арнайы гардиробқа сырт киімін тапсырып, сонымен қатар театрға өзіңізбен бірге алып келген қойылымға кедергі жасайтын заттарын көрермен залына алып кіруге тиым салынады. Егер сізбен сондай заттар болатын болса қойылым біткенге дейін гардиробқа өткізуіңізді сұраймыз.
- Театрға қойылым басталардан жарты сағат бұрын келгеніңіз абзал.
- Егерде сіз көруге жоспарлаған қойылым белгілі себептермен тоқтатылса, бұндай жағдайда сіздің билет құны қайтарылады. Ал, сіз көргіңіз келген актерлік құрам ауысқан болса ондай жағдайда билет құны қайтарылмайды.
- Спектакль барысында ұялы телефондарыңызды сөндіріп не болмаса дыбыссыз режимге қойғандарыңыз абзал. Себебі сізге хабарласқан адам біріншіден өзіңізге, екіншіден қасыңыздағы басқа да көременге, үшіншіден сахнадағы актерлерге кедергісін келтіреді.
- Егерде сіз театрдағы сүйікті артистерге гүл шоқтарын алып келген болсаңыз, оны театрдағы арнайы билет бақылаушыларына берсеңіз міндетті түрде жеткізеді.
Құрметпен театр әкімшілігі.