Музыкалық жас көрермен театрының директор орынбасары Алмас Әбілқасымұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған шарада Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жастар сарайы» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан үздік қызметкерлерге Алғыс хаттардан басқа ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттары мен «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен (9 адамға), Нұр-Сұлтан қаласының әкімі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орнбасары, Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік концертте Музыкалық жас көрермен театры артистері де өнер көрсетті.
КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!