Opыc әдeбиeтінің ұлы классиктерінің бірі М.Булгаковтың «Өлі жaндap» пьесасы өмір сүруге деген құштарлықтарын ашатын туынды. Сонымен қатар, қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, оларға өзіндік шешім де айтады. Солардың бірі — сыбайлас жемқорлық. Ол өз кезегінде, мемлекетті құлдыратып, жетістіктерді жоққа шығарып, адамдардың рухани өміріне қауіп төндіретіні індет. Бұл – барша адамзатқа ортақ шындық. Туындыда өзекті мәселелер әзілмен, ащы ойлы күлкімен айтылып, көрерменді шынайылық, адалдық әлемінің тереңіне бойлатады.