Сіздерді келіп жеткен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. «Туған ай – тураған етпен тең», әне – міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті.
Амандық – саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлтымызға тән тамаша салт – дәстүрімен паш етілетін Наурыз мейрамын өзіндік сән – салтанатымен, думанды тойымен, ән – жырымен қарсы алыңыздар.
Жастарыңыз ұзақ, көңілдеріңіз көтеріңкі, аспандарыңыз ашық болсын
Ұлыс оң, Ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен, Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров және театр ұжымы.
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@astana.madeniet
@zhanabai_meirmankulov_
@askhatmaemirov