«ҰЛДАР»
/драма/
Ф.Достоевский
Қоюшы режиссері – Ерназар Жаңатілек,
Аударған – А. Омаш.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Илюша (бозбала) – Еламан Иманбаев, Дінислам Нұрмағамбетов
Николай Красоткин (бозбала) – Асылхан Төлепов («Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты), Саламат Мұқашев
Алексей Карамазов – Абзал Арапов, Аян Өтепберген («Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты)
Смуров (бозбала) – Иманғали Ақәділ
Снегирев (Илюшаның әкесі, штаб капитаны) – Алтынбек Сүндет, Шыңғыс Тельманов
Снегирева (Илюшаның анасы) – Замира Сапар, Дана Верещак
Агафия (бала күтуші) – Дана Верещак, Замира Сапар
Костя (Н. Красоткиннің інісі) – Талғат Кеңес
Настя (Н. Красоткиннің қарындасы) – Арелана Амангельдиева
Перезвон (ит) – Ерназар Жаңатілек
Кадет оқушылары – Шалқар Мұралтай, Ернар Мұхамбет, Бибол Байғараев, Азамат Болатов, Мағжан Омар, Жасұлан Абдрахман.
Ф. Достаевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романының желісімен сахналанған «Ұлдар» драмасы жасөспірімдер өмірін арқау еткен қойылым. Туындыдағы балалардың адамға, қоғамға, қоршаған ортаға деген көзқарастары, күнделікті өмірдегі бір-бірімен қарым-қатынастары балалық психологияның шеңберінен шықпағанымен, жасөспірімдер ғана емес, ересек адамдарға да ой салатын көркем шешімдерге құрылған.
Көрерменді мейірімділікке, адамгершілікке шақыратын «Ұлдар» спектаклінің өң бойында батылдық пен сенімділік қатар өріліп достық пен жанашырлық атты қадірлі ұғымдардың мәні анықталады. Соңымен қатар, қандай жағдай болса да, адам баласы өзінің асыл қасиеттерін жоғалтпай, рухани келбетімен өз биігінде қалу керектігін дәріптейді.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – бала тәрбиесі. Олардың көретіні мен еститіні, еліктеуі, ер жетуі мен бой жетуі сынды маңызды кезеңдерінде ата-аналардың балаларына ерекше көңіл аударып, қадағалап отыруы негізіндегі ойларды да аталмыш қойылым алға тартады.
Әр адам айналадағы қоршаған ортадағы әрбір жанға сыйластықпен қарап, оларға лайықты түрде құрмет көрсете білу – адамгершілік пен ақыл-парасаттың асқар биігі болса керек. Осы орайда, Музыкалық жас көрермен театры сахнасындағы «Ұлдар» қойылымының мағынасы көпшілікті осынау биіктік пен тұңғиық тағылымдарға жетелейді.
Спектакльдің премьерасы 2021 жылдың 11,12,13 қаңтар күні өтті.