2022 жылдың 18, 19 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры авторы Жәнібек Әлікеннің «ҮНСІЗДІК» перфоманс (perfomance) жанрындағы кезекті жаңа қойылымның ПРЕМЬЕРАСЫН көрермен назарына ұсынды.
Үнсіздік дегеніміз – дыбыстар естілмейтін кеңістік, адам санасының түкпіріне орныққан тып-тыныш ұғым. Драматург Ж.Әлікен қаламынан шыққан «Үнсіздік» туындысына тыныштық ұғымы сай келмейді. Керісінше, үнсіздіктің ар жағында тұрған, адам санасындағы көзқарастар мен ұстанымдар, өмірдің шынайы келбеті, бүгінгі қоғамның бет-бейнесіндегі өзгерістер арқау болған.
Рухани құндылықтар жоғалған кезде, өркениет – қоғамнан алыстайды. Ендеше, кез-келген адамның жан-сарайының төрінде шындық пен адалдық, ар мен әділет, мөлдірлік мен рух тазалығы салтанат құруы тиіс.
Жаңа драма заңдылықтары негізінде жазылып, перфоманс бағытында сахналанған туындыда сөз бен музыка үйлесім тауып, кейіпкерлер – табиғат пен адам, қоғам мен адам арасындағы үндестікті іздеуге шақырады.
Қойылымның авторы; Ж.Әлікен.
Қоюшы режиссері; Е.Жаңатілек.
Қоюшы дирижер; Р. Баймурзин.
Қоюшы хормейстер; Ә.Ыдырысов.
Қоюшы хореограф; У.Сиязбек.
Дыбыс режиссер; С.Ильясова.
Музыкамен сүйемелдеуші; Камералық оркестр.
Орындаушылар: Азамат Болатов, Еламан Иманбаев, Абзал Арапов, Ақәділ Иманғали, Сүндетхан Дүйсехан, Мағжан Омар, Талғат Кеңес, Жасұлан Әбдірахман, Мақпал Дүйсен, Дидар Төлегенов, Оразалы Игілік, Жансұлу Төлеген, Аяжан Бағдат, Жансая Өмірбекова, Жанель Есенгелдіқызы, Ислам Асылхан, Алихан Әлішер.
Көпшілік сахнада – театр артистері.