Театрымыздың ІІ маусымының жабылу кешінде қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрінің бірі тұсаукесер рәсімі өткізілді

ІІ маусымымыз «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен жабылу кешінде сонымен қатар қазақтың ежелден келе жатқан керемет салт-дәстүрінің бірі тұсаукесер рәсімі де өткізілді.

Қойылым аяқталған сәтте театрымыздың белді актері, «Сахнагер-2017» Ұлттық театр сыйлығының иегері Саламат Мұқашев пен Ұлттық фальклерлік ансамбліміздің домбырашысы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ардақ Елеусіздің сәбилеріне тұсаукесер рәсімін өткізді.

 

Театрымыздың белді актері Саламаттың Алихан атты сәбиінің тұсауын ерекше дауыс иесі қазақтың әндеріне қайталанбас үн беріп, елімізді өміршең рухани дүниелермен тербеп халық арасында «Қазақтың қоңыры» атанған ҚР Еңбек сіңірген артисі, әнші Нұрлан Өнербаев кесті.

Бүгінгі күнде біздің өнер саласындағы үлкен мақтанышымыз, абыройымыз — Димаш Құдайберген екені белгілі. Бүкіл әлем халқын ғана емес, атағы жер жарған музыканттарың да таңдай қақтырып, өнеріне бас игізіп келеді. Ардақ Елеусіздің Мұрагер есімді ұлының тұсауын кесер алдында «Халқымның киелі рәсімін орындау мен үшін үлкен мәртебе!» – деп, балаға ақ тілегін жаудырып, мақсаттарына сүрінбей жетсін деген ақ тілектерін арнады.

Театрымыздың досы Димаш Құдайбергеннің сахнаға шығуы барша көрермен үшін керемет тосын сый болды.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б