Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария еткен болатын.
Бүгін осыған орай, Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында жиын өтті.
Театрымыздың директоры Асхат Максимұлы Маемиров Жолдауда айтылған бірнеше тақырыптарға тоқталып, әрқайсысының маңыздылығын атап өтті.
Жолдауда айтылған “Креативті индустрияны дамыту” ол еліміздің болашағы екеніне театр директоры көбірек тоқталды. Оның дамуы ірі қалаларда ғана емес, аймақтарда да маңызды. Біз Зияткерлік меншікті қорғауды қоса алғанда, креативті экономиканың жаппай дамуы үшін жағдай жасауымыз керек екенін айтты.
Ал театрымыздың жас артистері мен қызметкерлері Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдірді.
@tokayev_online
@akimat__astana
@astana.madeniet
@zhanabai_meirmankulov_
@askhatmaemirov