Театр ұжымы елімізге танымал жазушы, ҚР Үкіметінің Парламенттегі өкілі Ермек Әмірханұлы Аманшаевпен кездесті

 Бүгін Музыкалық жас көрермен театрының артистері елімізге танымал жазушы, саясаткер, драматург, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Үкіметінің Парламенттегі өкілі Ермек Әмірханұлы Аманшаевпен кездесу өткізді.

Бұл кезесуді театрымыздың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Асхат Максимұлының театрымыздың сыйлы қонағымен таныстырумен бастады:

– «Бүгін бізде, елімізге белгілі жазушы-драматург, өзінің өмірін Мемлекеттік қызметке арнаған, филология ғылымдарының кандидаты, әрі ғалым, әрі ҚР Үкіметінің Парламенттегі өкілі Ермек Аманшаев ағамыз қонақта.

Ағамыз өзінің санаулы өмірін үлкен әдебиетке, жазушылыққа және қазақтың мәдениетіне арнап келе жатыр. Ең алғаш драматург ретінде қадамын қазақ өнерінің қасиетті қара шаңырағы М.Әуезов театрында Әзірбайжан Мәмбетовтің жолдамасымен бастады. Жасы 24-ке енді келген жігітті баласынбай Әзірбайжан Мәмбетов азулы деген драматургтардың алдына алып шығып, “Үзілген бесік жыры” деп аталатын драманы қойды. Ол қойылым сол уақытта театр өнері кеңістігінде үлкен құбылыс болды.

Бүгін біздер сіздермен бірге талқылап келесі жылға театрымыздың жоспарына қосқалы отырған ағамыздың “Шәкірім”шығармасы үлкен симфония болады, жақсы дүние болатынына сенімім мол!»- деп, сөз кезегін Ермек Әмірханұлына ұсынды.

Ермек Әмірханұлы, артистерге шығармаға арқау болған, қазақтың ағартушысы, ақыны, жазушысы, аудармашы, сазгері, тарихшысы және философы, өз заманының білімді адамының бірі болған – орыс, түрік, парсы, араб тілдерін жетік меңгеріп, философиялық, діни, психологиялық еңбектерді көп оқыған Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаянымен таныстырып өтті.

Бұл шығарма тек драма ғана емес, опера да болуы керек. Шәкәрімді шама келгенше көбірек насихаттау керектігіне тоқталды.

Сонымен қатар, кездесу барысында тарихтың атасы Геродот­тың шығармаларының желісімен жазылған «Патшалар тағдыры» және тағыда басқа өзінің басқа шығармаларымен бөлісті.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б