А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Театр әлемі» атты бенефис кездесуі өтті.
Атаулы кездесудің басты кейіпкері – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, театр режиссеры Асхат Маемиров пен Канн фестивалінің лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова және Астана Музыкалық жас көрермен театрының артистері болды.
Танымал ұжымның «Гауһартас» музыкалық драмасы республика бойынша қойылым саны мен кассалық көрсеткіш жағынан үздік нәтиже көрсетіп, рекорд орнатқан болатын. Ал, 2023 жылдан бері Қазақстанның барлық аймағына гастрольдік сапарға шығып, «Гауһартас» музыкалық драмасын 215 рет сахналады.