Жұмажан Амандықұлы Жұлқаш 1982 жылдың 18 маусымда дүниеге келді.

2003-2007 жылдары Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық колледжде оқыды.

2007-2011 жылдары Астана қ. Қазақ Ұлттық өнер университетінде оқыды.

 

Еңбек жолы.

2010-2016 жылдары Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде музыкалық көркемдік жетекшісі болып жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары Астана қ. №76 мектеп-лицейінде Эстрадалық вокал бойынша сабақ берді.

2017 жылы «Қазақконцерт «мемлекеттік концерттік ұйымы»РМҚК сахнаға қызмет көрсету бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылы Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының халықаралық қатынастар және гастрольдер бөлімінің басшысы.

2019 жылы Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық бөлімінің басшысы .

2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының халықаралық қатынастар мен гастрольдер бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының Көркемдік-техникалық қызметінің басшы қызметінде.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б