Самал Ілиясқызы Еслямова – актриса.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 71-ші Канн фестивалінің жеңімпазы.

1984 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген.

2011 жылы Ресей Театр өнері академиясын (ГИТИС) «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

Жетістіктері:

2018 жылы режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильміндегі рөлі үшін Халықаралық 71- Канн кинофестивалінде ТМД елдері ішінде тұңғыш рет  бас жүлдені жеңіп алды.

2018 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді.

2019 жылы Гонконгта «Ең үздік Азия актрисасы» номинациясын иеленді.

Анталияда өткен кинофестивалде «Үздік әйел ролі» номинациясын иеленді.

2020 жылдың қорытындысымен Ресей кинематография өнері академиясының «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша «Ника» жүлдесінің иегері атанды.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың қолынан «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Кинодағы рөлдері:

2008 жылы «Тюльпан» – Самал.

2018 жылы «Айка» − Айка.

Режиссер: С.Дворцевой.

2019 жылы «Конкрады. Дорога времени».

Режиссер: Е.Нұрмұхамбетов.

2020 жылы «Три» – Дина.

Режиссер: Р.Пак.

2020 жылы – «Райцентр».

Режиссер: Н.Назарова.

Театрдағы рөлдері:

«Абай-Тоғжан» –Ұлжан .

«Дүние-Ғапыл» – Римма.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б