Майра Смахқызы Омар – актриса.
Құрмет орденінің иегері.
1958 жылы 27 қазанда дүниеге келген.
1996 жылы Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік институтының «Театр және кино актері» мамандығы бойынша бітірген.
Театрдағы рөлдері:
Талдықорған драма театры және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында ойнаған рөлдері:
Б.Римова «Абай-Әйгерім» – Айғыз, М.Байджиев «Қалыңдық пен күйеу» – қалыңдық, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Нигора, Т.Брандес «Мен сіздің әпкеңізбін» – Энни, Табукашвили «Арманымның ақ құсы» – Елена, Ж.Мольер «Ақымақ болған басым-ай» – Клодина, Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» – Найман Ана, «Ақ кеме» – Бұғы Ана, Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай» – Күнсұлу, Т.Нұрмағамбетов «Бес бойдаққа бір той» – Күйкетай, М.Әуезов «Еңлік-Кебек» – Еңлік, «Қилы заман» – Ана, «Дос – бедел дос» – Гүлжан, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» – Мақпал, «Махаббат дастаны» – Күнікей, К.Ашир «Қабыл-Адам ата перзенті» – Хауа Ана, Е.Замятин «Еділ патша» – Ильдихо, Б.Майлин «Сабатажж» – Қалампыр, М.Мақатаев «Қош, махаббат» – Бану, Ж.Аймауытов «Махаббат мұңы» – Шекер, Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» – Рахия, Т.Мурод «Ат жылаған түн» – Қымбат, М.Гаппаров «Тұзды шөл» – Рәбия, Гоцци «Турандот ханшайым» – Зелима, А.Сүлейменов «Жетінші палата» – Жамал, «Қыздай жесір – штат қысқарту» – Үрия, Қ.Мұқамеджанов, Ш.Айтматов «Көктөбедегі кездесу» – Алма, Н.Келімбетов «Үміт үзгім келмейді» – Қарлығаш, Б.Мұқай «Сергелдең болған серілер» – Сайраш, Хикмет «Фархат-Шырын» – Сербиназ, Покровский «Жуастан жуан» – Қырмызы, С.Санбаев «Бір құты мұнай» – Петра, А.Жағанова «Жан алқымда» – Сәуле, И.Ғайып «Шыңғысхан» – Күлал, И.Вовнянко «Апат» – Ұлпан, С.Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Қалиса, У.Шекспир «Гамлет» – Гертруда, «Ромео мен Джульетта» – Леди Капулетти, Ә.Әмзеев «Қара кемпір» – Қали, М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Таңқабике, т.б.
Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында: Д.Рамазан «Кенесары-Күнімжан» – Қадиша; Е.Жуасбек «Антивирус» – Нафиса; Ф.Оңғарсынова «Даланың күйші Динасы» – Динаның анасы, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» – Дәмелі, А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Шешесі, Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д’Арк» – Анасы, Б.Минору «Әзәзіл» – бірінші әйел, Ә.Тарази «Үкілі жұлдыз» – Ай, С.Балғабаев «Ең жақсы еркек» – меңгеруші, Р.Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – шешесі, т.б.
Жетістіктері:
1988 жылы Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды.
1992 жылы Е. Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» драмасында Сағима бейнесін көркем сомдағаны үшін Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері атанды.
2002 жылы Елбасының жарлығымен Ерен еңбегі үшін медалі мен марапатталды.
2017 жылы Құрмет орденімен марапатталды.