Алмас Әбілқасымұлы Шоман 1980 жылы 27 желтоқсанда  Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келді.

2002 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және драма актері» мамандығы бойынша бітірді.

 

Еңбек жолы.

2002-2007 жылдары Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қазақ драма театрында актер қызметін атқарды.

2007-2014 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік Наз би театры МКҚК артисі.

2014-2017 жылдары «Қазақ әуендері» АҚ мемлекеттік тапсырыс департаментінің жобалық менеджер қызметкері.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы РМҚК шығармашылық қызметінің басшысы.

2018-2019 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының дирокторының орынбасары.

2019-2020 жылдары Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелері жөніндегі проректоры.

2020 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызмет басшысы.

Бүгінгі таңда Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК директорының орынбасары болып табылады.

 

Театр сахнасында сомдаған рөлдері.

Г. Хугай «Қара шекпен» / әфсана / –Тұзар;

М. Байджиев «Дуэль» / драма / – Азиз;

М. Кәрім «Ай тұтылған түн» / трагедия / – Диуана;

А. Камю «Калигула» / трагедия / – Сципион;

Э. Олби «Зоопарк» / трагедия / – Питер;

Ж. Аймауытов «Сылаң қыз» / комедия / – Нұрмаш;

У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» / трагедия / – Меркуцио;

М. Әуезов «Қанды азу» / трагедия / – Бораш;

Ш. Айтматов «Шыңғыс ханның ақ бұлты» / траги-фарс/ – Ердене.

 

Жетістіктері.

 

2009 жылы АҚШ-тың Риджфилд қаласында өткен М. Чехов атындағы халықаралық театр фестивалінің және 2010 жылы Алматы қаласында өткен Орталық Азия және Қазақстан театрлары фестивалінің лауреаты.

2015 жылы «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл» Құрмет грамотасының иегері. 2020 жылдың қазан айынан бастап Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының МКҚК негізін қалауға ат салысты.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б