Авторы: Жүсіпбек Аймауытов
«СЫЛАҢ ҚЫЗ»
/комедия/
Қойылым тобы:
Қоюшы режиссері және сценограф
- Асхат Маемиров,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Костюм суретшісі
- Айдана Еңгебай
Қоюшы балетмейстері
- Айгүл Амандықова
Жарық қою суретшісі
- Ермек Мұхтарұлы
Дыбыс режиссері
- Мерген Ажбаев
Режиссердің ассистенті –
- Бауыржан Нұрбай
- Еламан Иманбай
Кейіпкер мен орындаушы:
Бәтима (бойжеткен) –
- Жанель Нұрмағанбетова
- Гүлден Құрмет
Жабағы бай (Бәтиманың әкесі) –
- Абзал Арапов
- Ақәділ Иманғали
Айсұлу (Бәтиманың анасы) –
- Қалима Наушабаева
- Диана Тұржанова
Хакім (оқыған жігіт) –
- Ернар Мұхамбет
- Ермахан Аймахан
Нұрмаш (жас ақын) –
- Дінислам Нұрмағанбетов
- Нұржас Садырбаев
Әбутәліп (мұғалім) –
- Аққанат Қуандықов
- Мақсат Қабдеш
Махмұд (Салтанаттың күйеуі, шопан 30 жаста) –
- Сүндетхан Дүйсехан
- Нұрдәулет Кеңшілік
Өмірзақ (Жабағы байдың атқосшысы) –
- Ильяс Өтетілеу
- Бейбарыс Жүзбай
Рух күзетшісі – Қазыбек Есқара
Көпшілік сахнада: театр артистері
ХХ ғасыр басындағы қазақ ауылының өмір шындығы мен ел тарихындағы әрқилы оқиғалар суреттелген сатиралық шығарма – «Сылаң қыз».
Автор шығармасында рухани мешеулікті шенейді, оқу-білімді дәріптейді. Қазақтың азаттығын, теңдігін аңсайды.
Пьесадағы тартыс- өткір, характерлер – әрқилы, әлеуметтік қайшылық-айқын, образдар – дара.
Комедиялық қойылымда нәпсі тұтқынындағы адамдардың мінін, мінезін әзілмен әжуалау арқылы адам бойындағы кемшіліктерден (оның сөзі, ісі, нәпсісі) арылу көзделген.
Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасында өз заманының ғана емес, бүгінгі адамзат қоғамының да картинасы бар.
Спектакльдің премьерасы 2024 жылдың 9, 10 қараша күні өтті.
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 10 минут
Жас шектеуі: 16+
Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы жазушы-драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналады
Астана қаласы, Музыкалық жас көрермен театрының ғимараты, Ж.Омаров көшесі, 47Б