2022 жылдың 30 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры жұмыскерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтан жаңа қоғамды қалыптастыру» тақырыбында ұжымдық жиналыс өткізілді.
Шарада аталған мекеменің қызметкерлерін комплаенс-офицері Бақытжамал Есеналиқызы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабу керек екенін атады.
Сонымен қатар, Б.Есеналиқызы өз сөзінде: – «Президент соңғы жылдары бірқатар маңызды қадам жасады. Соттардың сапалы қызмет атқаруы үшін нақты шаралар қабылданды. Кейінгі үш жылда 174 судья жұмыстан шығару немесе лауазымы төмендету шаралары қолданылды. Жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жаты жылдың ішінде 14 мың талап-арыз түскен. Соның тең жартысында сотқа арызданушылар жеңіп шыққан. Қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Соның нәтижесінде прокурорлар былтыр үш жарым мыңға жуық адамның қылмстық процеске негізсіз тартылу деректерін алдын алған», -деді.
Түсіндіру бойынша еңбек ұжымының жиналысында еліміздің ауылшаруашылығындағы субсидияларға байланысты жемқорлық деректердің анықталғаны айтылды.