Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы түсіндірілді

   Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ұйым қызметкерлері үшін тоқсан сайынғы түсіндіру іс-шаралары өтті.

Мекемеміздің комплаенс-офицері А.Махмутова Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде әзірленген 2024 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Қызметкерлерге «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы түсіндірілді.

Осындай шектеулердің бірі, оларды ұсынған адамдардың пайдасына іс-әрекеттері (әеркетсіздігі) үшін материалдық сыйақы, сыйлықтарды немесе қызметтерді қабылдау болып табылады .

«Пара» деген терминді, әдетте азаматтар артықшылық алу, қызметті кезектен тыс, тіпті тиісті құжаттарды тексерусіз тез ресімдеу үшін ақша беру деп түсінеді. Алайда материалдық сыйлықтар да (гүл, шоколад т.б.) параға жатады. Пара берушінің жауапкершілігінің мөлшері олардың құынына байланысты болады.

ҚР Әкімшілік кодексінің (ӘҚБтК) 676-бабына сәйкес кез келген сыйлықтар, жеңілдіктер және тіпті қызметтер заңсыз материалдық сыйақы (пара) болып саналады.

Бұл ретте ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚК) 367-бабына ескертпеде құны ағымдағы жылға 2 АЕК- 7384 теңгеден аспайтын сыйлықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтыны атап өтілген.

Ұжым арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажеттілігі және ұжымның жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігі туралы ақпарат айтылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде қызметкерлерге жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының қызметтерінің (жұмыстарының) бірлескен жұмыстары туралы түсіндірілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 14-бабына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда) және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.

Осы баптың талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір басқару органында (байқау кеңесінде, атқарушы органында) бірлескен қызметті (жұмысты) болғызбайтын лауазымға ауысуға жатады, ал мұндай ауысу мүмкін болмаған кезде осы жұмыскерлердің біреуі қызметтен шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзге де босатылуға жатады.

Осы Заң қызметкерлердің жақын туыстарымен, жекжаттарымен өзара іс-қимылы кезінде мүдделер қақтығысының туындау қаупін қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіпорынның мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін қандай да бір іс-әрекеттер жасамауға және олар үшін жеке пайда немесе басқа адамдар үшін заңсыз пайда алу мақсатында өздерінің қызметтік жағдайын немесе ықпалын пайдаланбауға арналған.

Кәсіпорын жақын туыстары мен жекжаттарын жұмысқа қабылдауға және жоғарылатуға кедергі келтірмейді, алайда мұндай қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпорын қызметкерлері мүдделерінің нақты немесе ықтимал қақтығысын болдырмау үшін директорға / басшыға, сондай-ақ мүдделер қақтығысының болуы/ болмауы туралы декларация беру арқылы комплаенс-офицерге тікелей хабарлау қажет.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңның 1 – бабының 4) тармақшасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын орындайтын адам мемлекеттік функцияларды орындау уәкілеттігі бар адамдарға теңестірілген.

Қызметкерлерге мекемеде лауазымдық міндеттерін атқару кезінде өздеріне жүктелген жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау туралы тағы да ескертілді.

Жиналыс қортындысы бойынша (Шешім қабылданды) :

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманың талаптарын адал сақтау;
  2. Семинар-кеңесте айтылған ақпаратты барлық қызметкерлердің назарына жеткізу.
  3. Ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді атсалысу;
  4. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділікті қамтамасыз ету;
  5. Ұжым арасындағы кез келген сыбайлас жемқорлық сипатының көріністері немесе мүдделер қақтығысы туралы дереу хабарлау.
Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б