«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» тақырыбында жиналыс өтті

Музыкалық жас көрермен театрында 2022 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» тақырыбын түсіндіру бойынша жиналыс өтті.

Шараны мекеме директоры А.Максимұлы алғы сөзімен ашты. Ең өзекті мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерде Ұлттық болып табылады. Сондықтан, мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте «үздік тәжірибелерді» қолдану үшін әлемдік тәжірибені зерделеу аса маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар, А.Маемиров өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың кең қатысуымен сүйемелденуі тиіс. Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табысты қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Осы мәселеге қосымша ретінде комплеанс офицер Б.Дожнаева, елімізде қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында  2014 жылы қабылданған ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктерімен таныстырды.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б