Бүгін Музыкалық жас көрермен театрында мекеме қызметкерлерінің арасындағы жиналыста театр директоры Асхат Максимұлы театр ұжымын жағымды жаңалықтармен және алдағы жоспарларымен таныстырды.
Бірінші жағымды жаңалық ол осы шілде айынан бастап театр қызметкерлерінің әртүрлі санаттары бойынша жалақыларының көтерілетіні сөз болды. Сонымен қатар, қандай санаттағы қызметкерлердің жалақылары көтерілетіні негізгі ережелері мен тетіктері түсіндірілді.
Театр директоры Асхат Максимұлы алдағы маусымның жабылуы мен ағымдағы жылдың күзінде театрымыздың еліміздің басқа қалаларына гастрольдік сапармен баруы жоспарда тұрғанын жеткізді.
Сонымен қатар, жиналыста мемлекеттік бағдарлама негізінде (КИК бағдарламасы) тұрғын үй кезегінде тұрған қызметкерлеріміздің үшеуіне биыл пәтер кілті берілетінін және екі қызметкер резервте тұрғанын айтты.
Жиналыс барысында театрымыздың заңгері Бақытжамал Есеналиқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын өткізіп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.