Сіздерді 25 қазан Республика күнімен Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ұжымы шын жүректен құттықтайды.
25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл – ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 25 қазан – Республика күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.
Сіздерге отбасыларыңызға мол бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз!
Ізгі ниетпен, Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Асхат Маемиров және театр ұжымы.
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@astana.madeniet
@zhanabai_meirmankulov_
@askhatmaemirov