Қымбатты Қазақ Елі!

Сіздерді 25 қазан Республика күнімен Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ұжымы шын жүректен құттықтайды.

 

25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл – ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.

 

Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 25 қазан – Республика күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.

 

Осы мерекелі күнде сіздерге денсаулық және бақыт тілейміз. Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!

 

Сіздерге отбасыларыңызға мол бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз!

 

Ізгі ниетпен, Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Асхат Маемиров және театр ұжымы.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б