ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

 

Мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталғандардың қатарында, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 71-Канн кинофестивалінің жеңімпазы, Музыкалық жас көрермен театрымыздың алдыңғы қатарлы актрисасы Самал Еслямова да бар.

 

ҚАДІРЛІ САМАЛ ХАНЫМ!

Жоғары құрметке бөленіп, Мемлекет тарапынан еңбегіңіз бағаланып «Құрмет» ордені иегері атануыңызбен, сізді ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз!

 

Мәртебеңіз биіктей берсін!

#5театрмаусымы

#мтюзастана

@tokayev_online

@askhatmaemirov

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б