Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры ұжымының – авторы Д.Рамазанның «Жошы хан» тарихи драма қойылымының премьерасымен шын жүректен құттықтайды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жошы хан» қойылымын көрерменмен бірге тамашалап, жоғары бағасын берді.
-«Құтты болсын! Өте керемет қойылым болды. Шын мәнінде, пьесаның тақырыбы өте маңызды, өзекті. Мұндай туындылар халқымыз үшін қажет!» – деп, Мемлекет басшысы атап өтті.
Сонымен қатар, Президент театр ұжымына шығармашылық табыс тілеп, өнер ордасына ұлтық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдағанын айтты. Тиісті жарлық қазан айында Республика күні қарсаңында жарияланады.
Айта кетейік, қойылым авторы Думан Рамазан, қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат ұзақов.
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры ұжымын бүгінгі таңдағы жетістіктерімен құттықтап, осы орайда театрларыңызға шығармашылық шабыт пен тың туындылармен, көрермен жүрегінен орын ала берулеріңізді тілейміз.
Суреттер akorda.kz сайтынан алынды.