Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

?Сіз(дер)ді 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз???!

?Бұл мереке туған Еліміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Ал мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Сондықтан халыққа үздік мәдени қызмет көрсетіп жүрген мәдениет қызметкерлері мен сала ардагерлерін әрдайым мақтан етеміз.

?Отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға толайым табыс тілейміз.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б