«Құрмет» орденінің иегері, театр режиссері Асхат Маемировтің шығармашылығына арналған «Театр -менің әлемім» атты өнер кеші өтті

 ⚜️ Күні кеше музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, театр режиссері Асхат Маемировтің шығармашылығына арналған «Театр -менің әлемім» атты өнер кеші өтті.

 

✨ Шығармашылық кештің ашылу салтанатында сенат депутаты Дархан Қыдырәлі өз тілегін білдіріп, Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын оқып берді.

 

? Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен танымал режиссерді мерейтойымен құттықтап, елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің құттықтауын жеткізді.

 

? Кеште көрермендер танымал режиссердің шығармашылығымен танысты. Асхат Маемировтың өлеңдері орындалып, театр актерлары режиссердің туындыларын сахналады.

 

Өнер кешінде қонақ ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Қанат-Света Айтбаевтар да қатысып, танымал режиссерді мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев және өзге де танымал тұлғалар қатысты.

 

@akimat__astana @jenis_qasymbek @astana.madeniet @zhanabai_meirmankulov_ @askhatmaemirov

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б