ҚР Президенті театрымыздың актрисасы Самал Еслямоваға құттықтау хат жолдады

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Музыкалық жас көрермен театрының актрисасы, Халықаралық Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Ілиясқызын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров Халықаралық Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Ислямованы сахна төріне шақырып:

– «Театрымыздың аға буыны болып есептелетін, Халықаралық Канн кинофестивалінің жеңімпазы, ұл-қыздарымыздың ішінде көш бастап келе жатқан Самал Ислямоваға ел Президентінің құттықтауын тапсыруға рұқсат берсеңіздер» ,- деп,  ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күніне орай жолдаған құттықтау хатын табыс етті.

ҚР Президентінің құттықтау хатында былай делінген:

» Құрметті Самал Ілиясқызы!

Сізді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Тіршілікке нәр берген, табиғатқа сән берген көрікті көктемнің шуақты мерекесі өзіңізге махаббат пен мейірім, шаттық пен қуаныш сыйласын. Әрдайым игілікті істеріңіздің сәтті жүзеге асуына, өмірдегі арман-мақсаттарыңыздың орындалуына және мол табысқа жете беруіңізге тілектеспін.

Сізге мықты денсаулық, бақыт пен құт-береке тілеймін!» – деп ел президенті ізгі ниетін білдірген.

Самал Ілиясқызы өзіне көрсетілген үлкен құрмет екенін, ел президентінің елеп құттықтау хат жолдағанына зор алғысын білдірді. Еліміздің тыныштығын, отанымыз Қазақстанның көркейе беруін тіледі.

Айта кетейік, Самал Ілиясқызы Ислямова пост кеңістіктегі ТМД-ға мүше елдер арасында«Канн» кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған алғашқы және тұңғыш актриса болып табылады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Музыкалық жас көрермен театрының актрисасы.

Ол 2011 Мәскеу қаласында ГИТИС актерлік факультетін бітірді.

2008 жылы ГИТИС-та оқыған кезінде Самал Ислямова Сергей Дворцевойдың «Тюльпан» фильмінде ойнады. Қазақ даласындағы шопандардың өмірі туралы кинофильм «Канн» кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесін жеңіп алды.

2018 жылдың мамыр айында 71-ші Канн кинофестивалінде Еслямоваға «Үздік әйел рөлі» номинациясы тағайындалды.

2018 жылдың қараша айында Самал Ислямова Президенттік шәкіртақыға ие болды. Сонымен қатар «Айка» картинасындағы маңызды рөлі үшін «Asian Film Awards Academy» сыйлығына ие болды.

2020 жылдың қазанынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрында» актриса болып еңбек етеді.

Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-sultan-madeniet/press/news/details/170232

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б