Елімізде ағымдағы жылдың 5-ші маусымында Мемлекетімізді кең ауқымды саяси жаңғыртуға бағытталған реформаларды жүзеге асырып, жаңа бастамаларды іске қосу үшін, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бағытында республикалық референдум өтеді.
Осыған орай ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Бауыржан Мейрамбекұлы Сартбаев пен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков Музыкалық жас көрермен театры ұжымына арнайы келді.
Олар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, референдумға қатысудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, театр ұжымының қойған сауалдарына жауап беріп, Конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың жаппай дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарды берік ұстанатынымызды білдіретінін жеткізді.
Алдағы референдумда әрбір ҚР азаматы дауыс беріп, Еліміздің болашағын айқындап, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алатынын айтты.