Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жалпыұлттық референдумды ұйымдастыруға, өткізуге белсене қатысқаны үшін Музыкалық жас көрермен театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Максимұлына ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Алғыс хатын табыстады.
Алғыс хатта: «Құрметті Асхат Максимұлы!
Сізге отаншылдық ұстанымыңыз және жалпыұлттық референдумды ұйымдастыруға, өткізуге белсене қатысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін.
Сіз конституциялық реформаны табысты жүзеге асыруға және Жаңа Әділетті Қазақстанды құру ісіне зор үлес қостыңыз.
Мықты денсаулық, бақ-береке және ел игілігі жолындағы қызметіңізге табыс тілеймін!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.» – деп жазылған.
ТЕАТР ҰЖЫМЫ АТЫНАН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!