ҚОНАҚТА – «Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы

ҚОНАҚТА – «Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы

Күні кеше Музыкалық жас көрермен театрында «Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы аты шулы Д. Исабековтың шығармасы,

А. Маемировтың режиссерлігімен қойылған «Гауһартас» спектаклін тамашалауға келді.

 

Театрымыздың директоры, “Құрмет” орденінің иегері Асхат Максимұлы сахнаға көтеріліп ұжым болып тамашалауға келген қонақтарға алғысын білдірді.

 

  • Қойылым соңында, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Мұратқызы Танысбай театр ұжымына өз алғысын білдірді:

 

– «Өте талантты қыз-жігіттер. Өнерлеріңізге мың да бір рақмет! Шынымен де тамаша “өнер мерекесі” болды. Қойылым басында рақаттанып күліп алсақ, соңында көзден жас тиылар емес. Негізі сіздердің сахна төріндегі “миссияларыңыз” бен біздің эфирдегі “миссиямыз” ортақ. Ортақ мүдде: халықтың, әсіресе жастардың санасын жақсылыққа, мейірімділікке, қарай өзгерту. Бүгін осы көрініске бәрімізде куә болдық. Қойылымнан әркім өз сұрағына жауап тапты деп ойлаймын. Мен өз басым, қазіргі таңдағы үлкен “проблема” жігіттердің қыз баласына деген ерекше қамқорлығын, жанашырлығын, мейірімділігін оята білдіңіздер деп ойлаймын. Сіздер біздің елдің санасын өзгертіп жатырсыздар. Сол үшін көп-көп рақмет!» ,- деп барша театр ұжымына риясыз алғысын білдірді.

 

Қойылым соңында телеарна ұжымы атынан артистерге сый-сияпат табысталды.

@qazaqstantv

@askhatmaemirov

@akimat__astana

@zhanabai_meirmankulov_

@astana.madeniet

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б