Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді.
Шығармашылық құрамда Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов және т.б. қайраткерлер кірді.
Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр.
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!
#ҚРМемлекеттікрәміздерінің30жылдығы, #Нұр_СұлтанМемлекеттікрәміздеркүні, #Меніңрәміздерімменіңмақтанышым