ПРЕМЬЕРА! «ҚОШТАСҚЫМ КЕЛМЕЙДІ…»

  Әйгілі орыс драматургы А.М.Володиннің терең психологизмге құрылған классикалық туындысы ерлі-зайыптылардың өмірін және олардың күрделі қарым-қатынасын баяндайды. Әлеуметтік мәртебесі, өмірге көзқарасы әртүрлі ажырасуға бел буған сегіз отбасы сотқа жүгінеді.

Ерлі-зайыптыларды тыңдаған судья олардың некесін бұзуға жол бермеу үшін барын салады.

Себебі, бірін-бірі кінәлауға, айыптауға, қаралауға дағдыланған ерлі-зайыптылардың өзімшілдігі, менмендігі, тәкаппарлығы – бірін-бірі тануға, тыңдауға, түсінуге кедергі.

Пьесадағы характерлер қақтығысы, бітпейтін конфликтілер әр түрлі мінез-құлық ерекшеліктерін көрсетеді.

Музыкалық драманың қоюшы-режиссері және сценографы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Асхат Маемиров, қоюшы-дирижері Руслан Баймурзин, қоюшы-хормейстерлері Ғалымжан Берекешов және Шыңғыс Аймақ, қоюшы-балетмейстері Уәлитбек Сиязбек және Камила Бузанова, режиссердің ассисенттері Оразалы Игілік және Еламан Иманбаев.

12,13,14 ЖЕЛТОҚСАН сағат 19:00-де,

Ж.Омаров 47 Б мекен-жайында,

«Қоштасқым келмейді…» музыкалық драмасында КҮТЕМІЗ!

Билет бойынша:

8 (701) 149-09-01

(10:00-18:00)

Ақпарат бойынша:

+7(172)-57-25-47

Дс-жм / 10:00-18:00

ТЕАТРДА ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!

@akimat__astana

@astana.madeniet

@zhanabai_meirmankulov_

@askhatmaemirov

#премьера #қоштасқымкелмейді #мтюзастана

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б