Авторы: Н.Гоголь
Инсц: М.Булгаков
Аударған: Г.Салықбай
«ӨЛІ ЖАНДАР»
/траги-фарс /
Қойылым тобы:
Қоюшы режиссері – Ерназар Жаңатілек
Музыкасын әрлеген – Ерназар Жаңатілек
Режиссердің ассистенті – Еламан Иманбаев
Қоюшы хореограф – Уәлитбек Сиязбек
Костюм суретші – Іңкәр Каримова
Жарық суретшісі – Айдын Досаев
Дыбыс режиссері – Сабина Ильясова
Режиссердің көмекшісі – Аққанат Қуандық
Кейіпкерлер:
Чичиков Павел Иванович – Аман Ғұмаров, Асылхан Төлепов («Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері),
Манилов – Абзал Арапов
Помещик Собакевич Михаил Семенович – Азамат Болатов
Помещик Плюшкин – Ағаділ Иманғали
Помещик әйел Коробочка Настасья Петровна Манилова Лизанька –Мақпал Дүйсен
Жандарм полковнигі Илья Ильич – Шалқар Мұралтай
Полиция капитаны – Саламат Мұқашев
Қамқоршылық кеңесінің хатшысы – Талғат Кеңес
Мавра – Альфия Хайзуллиева
Мижуев – Әлихан Әлишер
Петрушка – Еламан Иманбаев
Селифан – Аққанат Қуандық
Көпшілік сахна
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры М.Булгаковтың «Өлі жандар» комедиясын сахналады. Биыл әйгілі орыс жазушысы, драматург Михаил Булгаковтың туғанына – 130 жыл.
М.Булгаковтың шығармалары қай заманда болса да өзінің құндылығын жойған емес. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры М.Булгаковтың мерейтойына арнап «Өлі жандар» траги-фарс қойылымын сахналайды.
Туындыны қазақ тіліне аударған Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Гүлнар Салықбай.
Ұлы классик М.Булгаковтың «Өлі жaндap» пьесасы қарапайым шаруалардың өмір сүруге деген құштарлықтарын ашатын туынды. Сонымен қатар, қоғамның дерті дейтін мәселелерді көтеріп, оларға өзіндік шешім де айтады. Солардың бірі, сыбайлас жемқорлық. Ол өз кезегінде, мемлекетті құлдыратып, жетістіктерді жоққа шығарып, адамдардың рухани өміріне қауіп төндіретін індет. Бұл – барша адамзатқа ортақ шындық. Туындыда өзекті мәселелер әзілмен, ащы ойлы күлкімен айтылып, көрерменді шынайылық, адалдық әлемінің тереңіне бойлатады.
Өмірде жетістікке, табысқа жетудің жолдары көп. Әйтсе де, оған қандай жолмен, қалай жететініңіз маңызды. Ең бастысы дұрыс пен бұрысты ажырата алу. Ал, одан кейін, екі жолдың бірін таңдау ол – адамның ішкі тазалығының, күш-қайратының, ақыл-парасатының еншісінде. Жақсы мен жаман атаулы – адамзат ғұмырының ешқашан аяқталмайтын, шексіз, қос жолы десек қателеспейміз. Алайда, қай жолға қадам басып, қай бағытқа бет бұратыныңызды өзіңіз шешесіз. Адалдықта – тазалық, жамандықта – азап бар. Өмірдің бұл қарапайым қағидаларын сіз өте жақсы білесіз. Бірақ, таңдауыңыз қандай болмақ?
Қойылымның премьерасы 2021 жылдың 6,7,8 маусым күндері өтті.