Музыкалық жаскөрермен театрының актрисасы Шынар Қалдыбайды «BIKEN» I Халықаралық театр фестивалінде ЕҢ ҮЗДІК ӘЙЕЛ АДАМ БЕЙНЕСІ номинациясын жеңіп алуымен құттықтаймыз!

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жаскөрермен театрының дарынды жас актрисасы Шынар Қалдыбайды Қазақстанның Халық артисі, КСРО және Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарының иегері Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына арналған «BIKEN» I Халықаралық театр фестивалінде ЕҢ ҮЗДІК ӘЙЕЛ АДАМ БЕЙНЕСІ номинациясын жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Шынар Қалдыбай – «CHANEL №5» (авторы:М.Омарова, режиссері: А.Маемиров) деректі драмасында Жанбике Шанина (қазақтың тұңғыш кәсіби театр режиссері Жұмат Шаниннің жары) атты кейіпкерді сомдайды.

 

Еліміздің театр өнері кеңістігінде Музыкалық жас көрермен театрының құрылғанына 3 жыл толған ең жас театрдың бірі болғандықтан, бұл жеңіс – ұжым үшін де үлкен жетістік. Сондай-ақ, «CHANEL №5» деректі драмасына ат салысқан барлық әріптестерімізді де құттықтаймыз!

 

Шығар шыңымыз биік, жеңісті де жемісті күндеріміз молынан болсын!

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б