Музыкалық жас көрермен театрының салтанатты түрде шымылдығы түрілген күн!

  14,15,16 желтоқсан күндері – Музыкалық жас көрермен театрының салтанатты түрде шымылдығы түрілді!

 

Осыдан тура 3 жыл бұрын, 2020 жылдың 14,15,16 желтоқсан күндері Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткен болатын. Театрымыздың алғашқы маусымының тұсаукесері – халқымыздың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай сахналанған М.Әуезовтің «Абай–Тоғжан» музыкалық драмасымен тұңғыш маусымын ашқан болатын.

 

Бүгінгі таңда сүйікті көрермендерінің жүректерінен орын алған театр репертуарында 18 спектакль бар.

 

Театрымыздың әрбір қызметкеріне жайдары көңіл, жемісті еңбек пен сарқылмас қуат тілейміз.

 

ТЕАТРЫМЫЗДЫҢ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛҒАН КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

@askhatmaemirov

@astana.madeniet

@akimat__astana

@zhanabai_meirmankulov_

 

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б