МУЗЫКАЛЫҚ ЖАС КӨРЕРМЕН ТЕАТРЫ ЕЛІМІЗДІҢ ТЕАТР ӨНЕРІ КЕҢІСТІГІ АРАСЫНДА ЕҢ ҮЗДІКТЕР НОМИНАЦИЯСЫНДА ҮМІТКЕР АТАНУДА!

   Бұл 2023 жылдың ЕҢ ҮЗДІКТЕРІН бұйырса 15-желтоқсан күні Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы театрда, театр сыншылары анықтайтын болады.

Сыншылардың жүлдесіне Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының шығармашылық құрамы, артистері де үміткер болуда.

Атап өтсек,

  1. ЖЫЛ АКТЕРІ – “Ерен еңбегі үшін” сыйлығының, “Дарын” Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асылхан Төлепов “Гауһартас” музыкалық драмасындағы Қайыркен ролі үшін,
  2. ЖЫЛ АКТРИСАСЫ – Инабат Исабекова “Гауһартас” музыкалық драмасындағы Салтанат ролі үшін,
  3. ЕКІНШІ ПЛАНДАҒЫ ЖЫЛ АКТРИСАСЫ – Калима Наушабаева “Гауһартас” музыкалық драмасындағы (Тастанның анасы) ролі үшін,
  4. ЭПИЗОДТЫҚ РОЛЬДЕГІ ЖЫЛ АКТЕРІ – Ернар Мұхамбет “Гауһартас” музыкалық драмасындағы эпизодтық (Әскербек, ауыл клубының меңгерушісі) ролі үшін,
  5. МУЗЫКАМЕН ӘРЛЕНГЕН ЖЫЛ СПЕКТАКЛІ НОМИНАЦИЯСЫ – Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының “Гауһартас” спектаклі.

Театрымыздың шығармашылық құрамын еліміздегі белді театр сыншыларының жүлдесіне ілігуімен, шын жүректен құттықтаймыз!

 

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б