Музыкалық жас көрермен театры артистері елімізге танымал журналист, жазушы Қанат Тілеуханмен кездесті

   Бүгін Музыкалық жас көрермен театры артистері елімізге танымал журналист, жазушы Қанат Тілеуханмен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында өзінің елімізге танымал белгілі режиссер, қоғам қайраткері және драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, “Ақсарай” театрының көркемдік жетекшісі болған Болат Манашұлы Атабаевтан алынған соңғы екі сұхбат туралы және кейін дайындалған деректі фильмнің түсіру барысы туралы айтылды.

 

Сондай-ақ, өзінің “Шатырдағы әйел”, “Қараштың әңгімелері” т.б. кітаптары туралы, жалпы әдебиет, қазақ руханияты туралы сөз болды.

 

Шара барысында Музыкалық жас көрермен театры артистері халқымыздың Ұлы ақыны Абайдың “Көзімнің қарасы” әнінің негізгі түп нұсқасымен орындап берсе, соңы еліміздің патриоттық әндеріне жалғасып көтеріңкі көңіл күй сыйланды.

@akimat__astana

@jenis_qasymbek

@astana.madeniet

@zhanabai_meirmankulov_

@askhatmaemirov

@qanat_tileuhan

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б