МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРЛЕРІН ҰЖЫМ АТЫНАН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

  2023 жылдың 29-шы желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды.

Стипендия иегерлерінің тізімінде Музыкалық жас көрермен театрының артистері бар.

Атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Канн кинофестивалінің ең үздік әйел рөлі үшін жүлдесінің және Азия киноакадемиясының “Ең үздік Азия актрисасы” жүлдесінің, Ресей кинематография өнері академиясының “Ника” сыйлығының лауреаты Самал Еслямова және Музыкалық жас көрермен театрының белді актері, “Гауһартас” музыкалық драмасында “Тастанның” бейнесін шынайы аша біліп көрерменнің жүрегінен орын ала білген Оразалы Игілік бар.

МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРЛЕРІН ҰЖЫМ АТЫНАН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

@akordapress

@tokayev_online

@akimat__astana

@askhatmaemirov

@samal_yeslyamova

@igilik_orazaly

@astana.madeniet

@zhanabai_meirmankulov

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б