“МАХАББАТ ЖАҒАЛАУЫ” ҮШ КҮН ҚАТАРЫНАН АНШЛАГПЕН ӨТТІ

 Психологиялық драмада адами құндылық, адалдық туралы, адамгершілік қасиетінің қоғам мен адам өміріндегі рөлі және жеке тұлға бойында қалыптастыру мақсатында образдар арқылы шынайы бет бейнелерді көрсетеді.

 

Жастар арасындағы махаббат, үш кейіпкердің өмірі, тіршілігі, олардың махаббатқа деген түсініктері сахна тілінде басқаша өріледі. Режиссер қоғамда ең қорқынышты нәрсе – ол адамдармен өмір сүру және өзгеге сенбек түгілі өзіңе деген сенімің күдікті екенін түсіндіре отырып, адамгершілік пен ізгі жолды көрсететін алтын көпір салуға тырысады.

 

– “Өз сөздерімнің сахнадан естілуі, аяулы махаббаттың куәсіндей жүректерді толқытуы, жастарға ой салуы – мені де терең толқытты, жаңа шығармалар жазуыма жігер берді. Асхат Маемировтың жүрекжарды, сезімге толы әндері спектакльдің өн бойына қан жүгіртіп, ерекше әсер берді. Талантты режиссерге де, дарынды актерлерге де алғысым шексіз!” – деп, туындыны қазақ тіліне аударған «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Құжырғали Төлеуішов көзіне жас алды…

@akimat__astana

@jenis_qasymbek

@astana.madeniet

@zhanabai_meirmankulov_

@askhatmaemirov

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б