«Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясының премьерасы көрермен назарына ұсынылды

 

2022 жылдың 1, 3 шілде күндері сағат 19:00-де, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының жаңа қойылымы «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясының премьерасын көрермен назарына ұсынылды.

Драматург Қолғанат Мұраттың қаламынан туған  шығарма, қазіргі әлеуметтік желідегі түрлі қауесеттер кесірінен шырқы бұзылудың алдында тұрған отбасының тағдырын арқау еткен. Басты кейіпкер Кәусар көптен күткен қуанышын әлеуметтік желідегі достарымен бөлісуге асық. Олар ата-ана атанады. Бірақ күйеуінің жасырын махаббаты Наурызгүл мен Марияның да одан бала күтіп отырғаны – Кәусардың қуанышын су сепкендей басады. Бес жылдан астам перзент сүюді арман еткен отбасының ендігі тағдыры не болмақ? Наурызгүл мен Мария шынымен Кәусардың  күйеуінің жасырын махаббаты ма? Осы сұрақтың жауабын көрермен  астарлы әзілге құрылған спектакльден таба алады.

  1. Қойылым режиссері – Аман Ғұмаров («Сахнагер˗2018» ұлттық театр сыйлығының лауреаты).
  2. Компазитор – Ренат Гайсин (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері).
  3. Балетмейстер – Уалитбек Сиязбеков.
  4. Киім суретшісі – Іңкәр Каримова.

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

  1. Кәусар – Инабат Ризабекова, Шынар Қалдыбай.
  2. Алмас – Оразалы Игілік, Асылхан Төлепов («Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері), Ернар Мұхамбет, Әлихан Әлішер.
  3. Наурызгүл – Мақпал Дүйсен, Альфия Хайзулиева.
  4. Майра Майра Омар («Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет», орденінің иегері).
  5. Мариям – Жансұлу Төлеген, Гүлдана Әбдісадық («Еңбек даңқы-2021ж.» медалінің иегері).
Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б