Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай, Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ұжымының әкімшілік құрамы «Көк туымыз мәңгі желбіресін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
?Дөңгелек үстелде театр директорының орынбасары Алмас Әбілқасымұлы Мемлекеттік рәміздеріміздің маңыздылығына тоқталды.
?Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты: ҚР Мемлекеттік рәміздерін жан-жақты түсіндіру арқылы патриоттық сезімді қалыптастыру. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, рәміздерге ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру.
?Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар Еліміздің әнұранын бірге шырқады.
?Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында барша әріптестерімізді еліміздің маңызды мерекесі — Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, Көк тәңірдің сыйы — Көк Туымыз, Елдіктің нышаны — Елтаңбамыз, Әлемге танытар — Әнұранымыз асқақтай берсін дегіміз келеді.
#астанамемлекеттікрәміздеркүні
#меніңрәміздерімменіңмақтанышым
#меніңтуым