“ГАУҺАРТАС” – ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПЕКТАКЛІ

  Қадірменді достар, қуанышты жаңалығымызбен бөлісейік!

 

19 мамыр Алматы қаласында “Qazaqstan Ticketon Awards – 2024” сыйлығының марапаттау рәсімі өтті.

 

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры – Қазақстанның өнер, мәдениет және спорт саласындағы үздіктердің “ТИКЕТОН – 2024” сыйлығының жеңімпаздары қатарынан табылды.

 

Мемлекеттік театрлар арасында Д.Исабековтің «ГАУҺАРТАС» музыкалық драмасы (режиссері: А.Маемиров) ТИКЕТОН бойынша «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПЕКТАКЛІ» атанды!

 

Бұл жүлде – Отандық театрлар арасында бір жыл ішінде 200-ден астам рекордтық көрсетілім жасап, көрермен көзайымына айналып, еліміздің 13 қаласында аншлагпен өтіп жатқан Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры репертуарындағы «Гауһартас» музыкалық драмасының бір жыл ішіндегі алып жатқан төртінші марапаты.

 

БАҒЫНДЫРАР БЕЛЕСІМІЗ КӨБЕЙЕ БЕРСІН!

@akimat__astana

@jenis_qasymbek

@astana.madeniet

@zhanabai_meirmankulov_

@askhatmaemirov

@ticketonkz

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б