« ГАУҺАРТАС» музыкалық драмасының 250-көрсетілімі

 

 Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 2024 жылдың 25 желтоқсаны күні, сағат 19:00-де Д.Исабековтің «Гауһартас» музыкалық драмасының 250-ші көрсетілімін көрермен назарына ұсынады.

 

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры «Гауһартас» музыкалық драмасын сахналаған бір жыл он айдың ішінде, халықтың көзайымына айналып, көрермен назарына 250 мәрте ұсынылып, Қазақстан мен Еуразияның театр кеңістігінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

 

Спектакльдің әр қойылымы аншлагпен өтіп, бүгінгі таңға дейін 100 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б