«ГАУҺАРТАС» МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМАСЫ «UMAI-2023» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

  Бүгін Астанада «Астана Опера» театрының сахнасында өнер саласының үздіктері анықталып, шығармашылық ұжымдар мен сала қайраткерлеріне «Umai-2023» ұлттық сыйлығы табысталды.

 

«Umai-2023» ұлттық сыйлығының салтанатты рәсімін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашып, байқаудың барлық қатысушысын құттықтап, өнер саласының өкілдеріне үлкен шығармашылық жолда жаңа жетістіктер тілеп, «Театр өнері» номинациясы бойынша: «Үздік спектакль» (музыкалық драмалық) «Гауһартас» Д.Исабековтің (қоюшы режиссері – Асхат Маемиров) Музыкалық жас көрермен театры ұжымын марапаттады.

 

Дарынды шығармашыл ұжым мен тұлғаларды қолдап және ынталандырып жатқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыс білдіреміз.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б