«ГАУҺАРТАС»

«ГАУҺАРТАС»

/музыкалық драма /

 

Қойылым тобы:

 

Сахналық нұсқасын жасаған және қоюшы-режиссері

  • Асхат МАЕМИРОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Сценография және костюм суретшісі

  • Алма Сырбаева

 

Қоюшы-хормейстер

  • Ғалымжан Берекешов,

Мәдениет саласының үздігі

 

Қойылым лейтмотивін жазған

  • Бауыржан Ақтаев

 

Қоюшы-хореограф

  • Уәлитбек Сиязбек

 

Режиссердің ассистенттері –

  • Бауыржан Нұрбай

Оразалы Игілік

 

Жарық қою суретшісі

  • Айдын Досаев

 

Дыбыс режиссері

  • Сабина Ильясова

 

Режиссердің көмекшісі –

  • Гүлдана Әбдісадық

Нұрай Рысбекова

 

Редакторлары – Ерлік Сапабеков, Алтынай Маханбет

 

 

 

Кейіпкерлер мен орындаушылар:

 

  1. Салтанат (жас келін, 18 жаста) – Инабат Ризабекова, Мақпал Дүйсен, Гүлдана Әбдісадық, Жансая Өмірбекова.
  2. Тастан (Салтанаттың күйеуі, шопан 30 жаста) – Оразалы Игілік, Сұлтан Кеңшілік, Мұхамедсаид Бағашаров, Аққанат Қуандықов.
  3. Қайыркен (Салтанаттың қайнысы, 18 жаста) – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асылхан Төлепов, Дінислам Нұрмағамбетов, Дидар Төлегенов.
  4. Әке (шопан, Тастанның әкесі, 50-55 жаста) – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев, Қазбек Есқара, Армат Амандықов.
  5. Ана (Тастанның анасы, 50-55 жаста) – «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Құрмет» орденінің иегері Майра Омар, Қалима Наушабаева, Дана Қабылова.
  6. Әскербек (ауыл клубының меңгерушісі) – Саламат Мұқашев, Ернар Мұхамбет, Әлихан Әлішер.
  7. Дәрігер (фельдшер) – Нұрай Рысбекова.
  8. Дәрігер (ер адам) – Бибол Байғараев.
  9. Раушан (парторг) – Дана Қабылова.
  • Балакүл жеңге – Мөлдір Әбілтаева, Замира Сапар.
  1. Райхан жеңге – Жанель Есенгельдина, Майра Марғұланқызы.

        

Көпшілік сахнада: театр артистері

 

          Көрнект жазушы-драматург Дулат Исабековтің ең алғашқы тырнақалды көлемді прозалық туындысы «Гауһартас» повесінің сахналық нұсқасы – музыкалық драма жанрындағы қойылымға жетпісінші жылдардағы ата кәсіп шопандықпен айналысып, қарапайым ғана тіршілік кешкен шағын отбасының шынайы өмірі мен кісілік келбеттері арқау болған.

Жан сарайына мөлдірлік пен іңкәрлік тұнған жас келін Салтанат әнге ғашық, адал да нәзік болмысымен Тастанның отбасындағы қоңырқай тіршілікке жан бітіріп қана қоймай, мейірім мен ізгілік шуағын сеуіп, үлкен өзгеріс әкеледі.

Д.Исабеков суреттеген әйелдер бейнесі – Ана мен Салтанат келін  өздерінің рухани тазалығымен құнды. Салтанаттың бойындағы адамдық қасиеттің биіктігі, өршіл мақсат пен арманның асқақтығы Қайыркенді тәнті етеді.

Қазақ жігітінің бойындағы ұлттық мінездің иірімдері бір әулеттегі ағалы-інілі екі адамның бойынша екі түрлі көрініс тапқан. Әкенің қаталдау тәрбиесін бұлжымас қағидадай көріп, өмірлік ұстанымына айналдырған әулеттің үлкені Тастан – дөрекілеу, қаталдау. Ал кішісі, ақын жанды Қайыркен нәзіктік пен сұлулыққа жаны құмар, романтик жігіт. Өмірлік көзқарастары екі бөлек, дүниетанымдары өзгеше қос бауырды Салтанат өзінің  адал да аяулы жан-дүниесімен жарастыра біледі.

Қойылым соңында қатал мінезді Тастанның өзекжарды өкініші, ақынжанды Қайыркеннің аяулы сезімінің сыры ашылады.

Адам жанының тазалығы мен биіктігін арқау еткен «Гауһартас» қойылымы ешқашан өзектілігін жоймайтын ұлттық отбасылық рухани құндылықтарды дәріптей отырып, жар қадірін ұғыну, махаббат пен бақыт, шынайы сезімді бағалау секілді ұғымдардың тереңіне бойлатады.

 

Спектакльдің премьерасы 2023 жылдың 16, 17, 19, 20 ақпан күндері өтті.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б