«Естай мен Қорлан» телехикаясының түсірілімін жасады

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы тапсырысы бойынша “28 cinema” компаниясы «Естай мен Қорлан» телехикаясының түсірілімін жасады.

Жобаны түсірудегі басты мақсат – қазақ халқының сал-серілік дәстүрін, ұлттық фольклордың кең тараған мұрасы – ғашықтық жырларының мәнін жеткізу, жастарға ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы өнер мен өмір салтын көрсету.

Туындыда халық композиторы Естай Беркімбайұлының бүгінге дейін жеткен әйгілі «Құсни-Қорлан» әнінің шығу тарихы баяндалады.

Естай мен Қорлан бейнесінде біздің Музыкалық жас көрермен театры артистері Нұржас Садырбаев пен Диана Нағметуллаева.

Телефон: 8 701 149 09 01
Email: info@muztheatre.kz
г.Астана
Ж.Омаров 47Б