ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдау жариялаған болатын.
Театрымызда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауды талдау мақсатында Музыкалық жас көрермен театрында арнайы жиын өтті.
Театрымыздың директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Максимұлы ұжымға еліміздің болашағы үшін жолданған Жолдауда айтылған барлық міндеттерді түсіндіріп өтті.
Жолдауды іске асыру аясында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда жастарға және жасөспірімдер келешек ел тұтқалары білімді бәсекеге қабілетті маман болу үшін, қазірден бастап аянбай еңбек етулері керек. Сонда ғана мемлекет мерейі мен еліміздің ертеңі баянды болатынын жеткізді.
Сонымен бірге ұжымның аға буын өкілдері де пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.