
Астана қаласы әкімдігінің
«Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК
Авторы: Қолғанат Мұрат
«ЕКІ ҒҰМЫР»
/драма/
Қойылым тобы
Қоюшы-режиссері – Бауыржан Нұрбай
Сахна суретшісі – Айдана Еңгебай
Костюм суретшісі – Іңкәр Каримова
Қоюшы хореограф – Айгүл Амандықова
Жарық суретшісі – Ермек Мұхтарұлы
Дыбыс режиссерлері – Дастан Мергалиев
Асылжан Асқаров
Режиссердің көмекшісі – Айдана Жетешова
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Жұмағұл Cадуақасович
(белгілі қоғам қайраткері) – Ақәділ Иманғали
Қазыбек Есқара
Ермек
(ұлы, журналист) – Ілияс Өтетілеу
Айдос Амандық
Гүлім
(қызы) – Аружан Темірхан
Айдана Болат
Гүлнұр
(әйелі) – Мақпал Дүйсен
Диана Тұржанова
Гауһар
(Гүлімнің құрбысы) – Гүлдана Әбдісадық
Аружан Бағзат
Жорабек
(Арт директор) – Сұлтан Кеңшілік
Саламат Мұқашев
Белгісіз адам – Ислам Асылхан
Талғат Кеңес
Нұржан – Аққанат Қуандықов
Бекзат – Қуаныш Жалғасов
Журналисттер – Ернар Мұхамбет
Әліхан Әлішер
Полиция – Сүндетхан Дүйсехан
Еркектер – Жаңғали Темірғалиев
Мақсат Қабдеш
Көпшілік сахнада – театр артистері
«ЕКІ ҒҰМЫР» — бүгінгі қоғамның жарасын ашық көрсететін драма. Пьеса билік пен ардың, адам мен қоғамның арасындағы шынайы қақтығысты суреттейді.
Оқиға ел алдында беделі бар қоғам қайраткері Жұмағұл Садуақасовичтің туған күнімен басталады. Бәрі де сырт көзге әдемі, үлгілі жандар сияқты көрінеді. Бірақ сол жарқыраған өмірдің тасасында отбасының ауыр қайғысы мен рухани күйзелісі жатыр. Қызының нашақорлықтан қаза табуы – тек жеке отбасының емес, тұтас қоғамның дертін айқындайды.
Баласы Ермек – жас журналист. Ол шындықты табуға ұмтылып, билік, бизнес және өнер әлемінің астарындағы әділетсіздікті ашуға тырысады. Пьесадағы әр кейіпкер – қоғамның бір көрінісі. Бірі үнсіз, бірі қорқақ, бірі билікке тәуелді. Бірақ бәрінің тағдырында ортақ нәрсе бар – рухани әлсіреу, адамгершіліктің жоғалуы.
«ЕКІ ҒҰМЫР» – адам мен қоғамның арасындағы үнсіз тартысты бейнелейтін драма. Онда биліктің жылтыраған бетпердесінің ар жағындағы шынайы өмір, рухани құлдырау мен адами жауапкершіліктің жоғалуы айқын көрініс табады. Бұл шығарма көрерменді тек ойлануға емес, өзіне, өз өміріне, өз ұстанымына үңілуге итермелейді. Әр кейіпкердің тағдыры арқылы автор бір сұрақты алға тартады: шындық үшін үн қатуға біздің батылымыз жете ме?
Спектакльдің премьерасы 2025 жылдың 28 қараша күні өтті.
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 30 мин.
Жас шектеуі: 16+

Русский
English
